Қызылордада автобус құрастыратын зауыт салынады

Фотография - Қызылордада автобус құрастыратын зауыт салынады

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

415 0

Қызылордада автобус құрастыратын зауыт салынады. Бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Caspian Services» (Монако) компаниясының құрылтайшысы  Андрей Кашечкин мен  "VanHool" (Бельгия) компаниясының бас директоры Геерт Ван Хекемен кездесуінде белгілі болды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Андрей Кашечкин бұған дейін облысымызда туризм саласындағы жобаларды жүзеге асыруды, велокоманда құруды және байқоңыр брендін насихаттауға ниетті екенін білдірген болатын.

"Біз аймағымыздың ең алдымен өңдеу өнеркәсібін дамытуға мүдделіміз. Бірнеше ай ішінде германиялық әріптестермен бірлесе үй құрылысы комбинатын, қытайлық серіктестермен бірге цемент зауытын салуды бастаймыз. Одан бөлек, жақында ет комбинаты мен томат пастасын шығаратын зауытты іске қосамыз. Атақты жерлесіміз Андрей Кашечкин де өңір үшін өз үлесін қосқысы келеді. Облыста велокоманда құрылып, команда формасының дизайны жасалды", - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 

Андрей Кашечкин өз кезегінде аймақ басшысына қолдау көрсетіп жатқанына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, «VanHool» (Бельгия) компаниясының бас директоры Геерт Ван Хеке автобус құрастыратын зауыт салатындығын мәлімдеді.

Кездесу соңында Қызылорда облысының әкімдігі мен «VanHool» компаниясы Қызылорда облысында автобус құрастыратын зауыт салуға және  «Caspian Services» компаниясымен «Байқоңыр» кешенін дамытуға байланысты меморандумдарға қол қойылды.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!