Түркi академиясы елорда төрiнде "Мәңгi тас" орнатты

Фотография - Түркi академиясы елорда төрiнде "Мәңгi тас" орнатты

Бүгiн Түркi академиясы Астананың Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында "Мәңгi тастың" ғылыми көшiрмесiн орнатты

561 0

Бүгiн Түркi академиясы Астананың Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында "Мәңгi тастың" ғылыми көшiрмесiн орнатты. Ескерткiштiң ашылу салтанатына мемлекеттiк хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, ТүркПА-ға мүше мемлекеттердiң Парламент төрағалары мен өкiлдерi және қоғам қайраткерлерi қатысты. 

Ескерткiштiң ашылуында профессор, белгiлi түрколог- ғалым Мырзатай Жолдасбеков тастың орнатылуының түбi бiр түркi әлемi үшiн маңыздылығын атап өттi.

Ал Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң проректоры Дихан Қамзабек бүгiнгi Түркi академиясы шарасының маңызды кезеңде өтiп жатқанын айтты.

"Өйткенi бiзге бiрлiк, татулық керек.  «Мәңгi тас»  тұғырының ашылуы бiз үшiн, елiмiз үшiн, түрiк бiрлiгi үшiн қызмет етедi деп ойлаймыз. Елбасы биылғы Жолдауында Ресей - көршi болса, Түркия - туыс деген болатын. Мемлекет басшысы дұрыс айтты. Көршi ақысы деген бар, терең тамырымыз бар. Екеуiн қатар ұстап отырып, бұл дүрдараздықты бiз жоюға атсалысуымыз керек. Екiншiден, жалпы түбiнде әлемнiң барлық халқының тату- тәттi тұруға құқысы бар. Сондықтан Ресей мен Түркия арасындағы мәселе бiрте-бiрте жойылады деп ойлаймыз, бұны екі ел арасындағы өзара байланыс дағдарысы деуге болады", - дедi Д.Қамзабек.

Биiктiгi 2 метрден асатын таңбатас көкшiл түстi жанартау жынысты тұнбатастан жасалған. Оның тегiстелген бет жағында 60 - қа жуық әртүрлi таңба безендірілген. Оларды iшiнде қырғыз, ұйғыр, қарлұқ, қыпшақ, хазар, авшар сынды iрі ру-тайпаларының таңбалары бейнеленген. Ежелгi Өтүкен алабында орналасқан «Шивээт улаан» ғұрыптық кешен көптеген этносаяси одақтарды бiр шаңырақтың астына бiрiктiре бiлген Еуразиялық түркi империясы қағанының құрметiне орнатылған ( VI-VII ғасыр) ғұрыптық кешен. Түркi академиясы «Мәңгi тастың» эстампажын биылғы жылдың қыркүйек айында Моңғолияға ғылыми сапары барысында әкелген болатын.

Атап өтсек, ТүркПА-ға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия елдерi мүше.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!