Қазақстанның бірқатар өңірінде жолдар жабық

Фотография - Қазақстанның бірқатар өңірінде жолдар жабық

СҚО-да кешкі 17:30-дан бері барлық бағыт бойынша автокөліктердің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.

218 0

Қазақстанның бірнеше облысында күн райының нашарлауына байланысты тас жолдар жабылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Қостанай облысында кеше 12:30-дан бері жаңбыр мен көктайғаққа байланысты "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" (7-232 км), "Мамлютка-Қостанай" (180-404 км) және "Екатеринбург-Алматы" (555-729 км) автожолдарында жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс тоқтатылды.

Ақмола облысында кеше түскі екіден бері көктайғаққа байланысты "Астана-Петропавл" (304-341 км), "Көкшетау-Рузаевка" (0-61км), "Көкшетау-Омбы" (2-50 км) тас жолдарында қоғамдық көліктер үшін жол жабық.

СҚО-да кешкі 17:30-дан бері барлық бағыт бойынша автокөліктердің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.

Ақтөбе өңірінде қар мен көктайғаққа байланысты "Самара-Шымкент" (773-1240 км) тас жолының учаскесінде жүк және қоғамдық көліктер үшін жол жабық.

Қызылорда облысында түнгі 22:55-тен бері "Самара-Шымкент" (1240-1356 км) автожолының учаскесінде жүк және жолаушылар көлігі үшін қозғалыс тоқтатылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!