Қазақстанда "Еуро-2", "Еуро-3" отындарының айналымы мерзімі өзгерді

Фотография - Қазақстанда "Еуро-2", "Еуро-3" отындарының айналымы мерзімі өзгерді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссияның кезекті отырысына қатысты.

1490 0

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа қазақстандық тарап атынан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысты.

ЕЭК кеңесі ықпалдастық және макроэкономика, сауда, кедендік ынтымақтастық, экономика және қаржы саясаты, техникалық реттеу, бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу салаларындағы бірқатар маңызды мәселелерді қарады, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызиметі.

ЕЭК-тің техникалық реттеу саласындағы кеңесінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) ауқымындағы дәрілік құралдар мен медициналық бұйымдар  айналымы принциптері мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қойылды. Бұл ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығын іске қосу үшін қажет.

ЕЭК Кеңесі «Автомобиль, және авиация бензиніне, дизельдік және кеме отынына, реактивтік двигательдер отыны мен мазутқа талаптар туралы» техникалық регламентке өзгерістер енгізді. Қазақстан аумағында "Еуро-2", "Еуро-3" экологиялық кластағы автомобиль бензині мен дизель отыны айналымының мерзімі өзгертілді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және жол талғамайтын техника үшін дизель отынының айналымы мерзімін 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту белгіленді.  

Сонымен бірге, 2016 жылғы 1 шілдеге дейін Ресей аумағында "Еуро-4" экологиялық кластағы автомобиль бензині айналымының мерзімі ұзартылды. Сондай-ақ отын айналымы мерзімдері - Армения Республикасы үшін экологиялық кластағы "Еуро-3" және "Еуро-4" автомобиль бензиніне 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін, Қырғыз Республикасы үшін экологиялық кластағы "Еуро-2" және "Еуро-3" автомобиль бензиніне - 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімдер белгіленді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!