Г.Әбдiқалықова бiрқатар мемлекеттердiң елшiлерiнен сенiм грамоталарын қабылдады

Фотография - Г.Әбдiқалықова бiрқатар мемлекеттердiң  елшiлерiнен сенiм грамоталарын қабылдады

Өз кезегiнде, шет мемлекеттердiң елшiлерi ауқымды мәселелер бойынша байланыстарды кеңейтуге мүдделi екендерiн атап өттi

196 0

Бүгiн Ақордада ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқалықова Қазақстандағы бiрқатар мемлекеттердiң Төтенше және Өкiлеттi елшiлерiнен сенiм грамоталарын қабылдады. 

Мемлекеттiк хатшысы Г.Әбдiқалықова Гана Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Кодзо Кпоку Алабодан, Джибути Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Мохамед Али Камильден, Никарагуа Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Хуан Эрнесто Васкес Арайядан, Албания Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Арбен Газиониден және Бахрейн Корольдiгiнiң Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Ибрахим Юсуф Абдулла әл-Абдулладан сенiм грамоталарын қабылдады.
Мемлекеттiк хатшы БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелiгiне Қазақстанның кандидатурасын қолдағандары үшiн Никарагуа және Джибути елшiлерiне алғыс айтып, Гана, Албания Республикалары мен Бахрейн Корольдiгi де Қазақстан кандидатурасын қолдайтынына сенiм бiлдiрдi.
Өз кезегiнде, шет мемлекеттердiң елшiлерi ауқымды мәселелер бойынша байланыстарды кеңейтуге мүдделi екендерiн атап өттi.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!