Жақсыбеков Президентке "Астана белгісі" монументінің эскиз-идеяларын таныстырды

Фотография - Жақсыбеков Президентке "Астана белгісі" монументінің эскиз-идеяларын таныстырды

Қазақстан Президентіне елордадағы құрылыс пен елорданы әрі қарай дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды

252 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астанабасжоспар" ҒЗЖИ» ЖШС-да болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. 

Қазақстан Президентіне елордадағы құрылыс пен елорданы әрі қарай дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Соның ішінде, Елбасы Астанадағы маңызды коммерциялық, мәдени және тұрғын үй нысандары құрылысының барысы, инфрақұрылымның жаңғыртылуы мен көлік саласындағы міндеттердің кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы жайлы ақпараттандырылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ қаланың сәулеттік-безендірілу барысы мен қала құрылысының шешімдерімен танысты. 

Сонымен қатар елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Мемлекет басшысын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған "Астана белгісі" сәулеттік және мүсіндік композицияларының үздік эскиз-идеясына республикалық байқауының жобаларымен таныстырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!