5 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Фотография - 5 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Қазақстанның көптеген бөліктерінде ауа-райы тұрақсыз болады, жауын-шашын, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшейуі күтіледі

223 0

Астана қаласында 5 желтоқсанда тұман түсуі мүмкін, көктайғақ сақталады, деп хабарлады ТЖК баспасөз қызметінен. 

Қазақстанның көптеген бөліктерінде атмосфералық фронталдың өтуіне байланысты ауа-райы тұрақсыз болады, жауын-шашын, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшейуі күтіледі.

Ақмола, түнде Солтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с, екпіні 30 м/с күшейуі күтіледі, Жамбыл облысының жекелеген аудандарында тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с соғады, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Қызылорда облысында желдің екпіні 25 м/с, тұман, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін, жел 17-22 м/с, жекелеген аудандарында 28 м/с күшейеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!