Н. Назарбаев пен В. Путин телефон арқылы сөйлесті

Фотография - Н. Назарбаев пен В. Путин телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Ресей лидерлері Украинадағы ахуал жөнінде пікір алмасты

119 0

Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Мемлекет басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жайттарын, сондай-ақ бірқатар өзекті өңірлік және халықаралық, соның ішінде халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың бірыңғай әлемдік желісін құру мәселелерін талқылады.


Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында өтетін кездесулерге дайындық барысын да қарастырды.


Қазақстан мен Ресей лидерлері Украинадағы ахуал жөнінде пікір алмасып, дағдарыс тек бейбіт жолмен тезірек реттеледі деп үміттенетіндерін білдірді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!