Астанада Халық қаһарманы М.Алтынбаевтың мерейтойына арналған шара өтуде

Фотография - Астанада Халық қаһарманы М.Алтынбаевтың  мерейтойына арналған шара өтуде

ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Халық қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев 70 жасқа келіп отыр

304 0

Елордадағы ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Халық қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған саланатты шара өтуде, деп жазды ҚазАқпарат

"Бүгінгі салтанатты жиынның шымылдығын аша отырып, төрімізде отырған Халық қаһарманы , Армия генералы Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевты бүгінгі 70 жылдық биігімен шын жүрегіммен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Әр солдаттың борышы - Отанымызды қорғау. Сөзімді Елбасы, Бас Жоғарғы Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осынау қанатты қағидасымен әдейі бастап отырмын. Өйткені, біз бейбіт күннің өзінде батырын ардақтап, қаһарманын қадірлей білген халықпыз", - деді мерейтой иесін құттықтаған еліміздің Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

Қорғаныс министрі егемендіктің алғашқы жылдарында М.Алтынбаевтың шеттегі әскери қызметін қиып, Елбасының арнайы шақырумен туған елге оралған таңдаулы азаматтарың бірі болғанын атап өтті. Жаңашыл әскербасы, даңқты ұшқыр командир, ойшыл мақсаткер азамат тәуелсіздіктің елең-алаңында еліміздің төл әскерін құруға қатысып, қарулы күштерімізде болған барлық дерлік үрдістердің бел ортасында жүргенін айтты.

"Осылайша, ол елімізідің ең бір қиын-қыстау, яғни өтпелі кезеңдерінде мемлекет қалыптастыру ісіне араласып, ел сенімін ақтай білді. Сондықтан да 2006 жылдың 6 мамырда ҚР Президенті Н.Назарбаев Қорғаныс министрі, Армия генералы М.Алтынбаевқа еліміздің ең жоғары марапаты "Халық қаһарманы" атағын берді. Елбасының нағыз ерлерді, яғни елі үшін ерлік жасауға тайсалмайтын қазақтың рухы асқақ, өр мінезді азаматарды жанына тартуы көрегендіктің көрінісі", - деді И.Тасмағамбетов.

Салтанатты шара барысында мерейтой иесін ҚР Қарулы күштері бас шатбының басшылығы, ҚР ҚК әскери қызметшілері және Парламент депутаттары құтықтады.

Айта кетерлігі, аталған орталықта М.Алтынбаевтың өмірі мен әскери қызметінен сыр шертетін фотокөрме ұйымдастырылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!