Назарбаев Каспийдегі өртке байланысты Әлиевке көңіл айтты

Фотография - Назарбаев Каспийдегі өртке байланысты Әлиевке көңіл айтты

Апат салдарынан екі адам қаза тауып, 29 адам іс-түссіз кеткен, 30 адам құтқарылды

299 0

Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Алиевке "Гюнешли" мұнай кенішіндегі өртке байланысты көңіл айтты. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жеделхатында адам шығынына алып келген оқиғаны ауыр қабылдағанын атап өтті, деп жазады Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасай отырып.

"Мемлекет басшысы Қазақстан халқы атынан және өз атынан жеке көңіл айтты, сонымен бірге, зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуін тіледі", - делінген хабарламада.

Мұнай плтаформасында өрт газ құбырының бүлінуінен 4 желтоқсанда тұтанған. Оқиға орнынан 30 адам құтақрылды, 29 адам із-түссіз жоғалып кеткендер есебінде. Екі адам қайтыс болған.

Әзірбайжан Каспий маңындағы елдерге жоғалып кеткендер қатарындағы мұнайшыларды өздерінің аумақтарындағы су бөлігінен іздеп, жәрдем етуін өтінді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!