Қауіпті қалдықтарды жоятын зауыт Атырау облысында салынады

Фотография - Қауіпті қалдықтарды жоятын зауыт Атырау облысында салынады

Атырау облысының әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов жаңа жобаның іске асырылуы туралы айтып берді

287 0

Атырау облысының әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов ОКҚ-дағы брифинг барысында қауіпті қалдықтарды жоятын завод салу жоспары туралы айтып берді, деп жазады Today.kz. Оның айтуынша, жобаны шетелдік инвесторлар қаржыландырады.

"Бұл мәселе бірнеше рет талқыланған. Бірінші нұсқа кей талаптарға сай болмады және қаржыландыру мәселесі де толық шешілмеген еді. Бүгінде бізде жобалық-сметалық құжат бар, енді бұл жобаны қаржыландыру мәселесі қарастырылады. Шетелдік инвестиция арқылы қаржыландырылады, бүгінде осындай жұмыс жүргізілуде", - дейді Бақытқожа Ізмұхамбетов

Естеріңізге салсақ, мұның алдында бұл нысан Павлодарда салынады деп жоспарланып, бұған жергілікті тұрғындар қарсы болған. Павлодар облысының Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы кейіннен бұл зауыттың Атырау облысында салынуы мүмкін деген ақпарат берген. Ол кезде Атырау облысының әкімдігінде бұл ойға қарсы болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!