Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жандана түспек

Фотография - Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жандана түспек

Еліміздегі коммерциялық емес ұйымдар саны 27 мыңға жуықтаса, соның тек 9 мыңы ғана белсенді жұмыс істейді.

533 0

Енді үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды бірыңғай оператор тағайындайды.
Ал қаржының қайда және қандай мақсатта жұмсалғаны дерекқорда жариялануы тиіс. Яғни олардың жұмысына бақылау күшейтіліп, қаржының мақсатты жұмсалуы қадағаланбақ. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы қабылданған жаңа заң жобасы жайлы Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Марат Әзілханов мәлімдеді. Оның айтуынша, енгізілген жаңашылдықтар ұйымдардың жұмысын жандандыра түспек. Мәселен, бөлінген қаржының 10%-ын материалдық-техникалық қажеттіліктерге жұмсауға мүмкіндік беріледі. Айта кетейік, еліміздегі коммерциялық емес ұйымдар саны 27 мыңға жуықтаса, соның тек 9 мыңы ғана белсенді жұмыс істейді.
Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары: - Барлық ҮЕҰ, оның ішінде шетелдік ҮЕҰ, шетелдік донорлардың барлығы өздерінің жобалары жөнінде осы дерекқорға мәлімет беруі керек болады. Дерекқор базасына мәліметтер бермесе, оның жұмысына айыппұл немесе үш айға тоқтатылатын болады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!