"Самұрық-Қазына" топ-менеджерлерінің жартысын қысқартады - Ө.Шөкеев

Фотография - "Самұрық-Қазына" топ-менеджерлерінің жартысын қысқартады - Ө.Шөкеев

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" топ-менеджерлерінің жартысына жуығын қысқартады

133 0

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" топ-менеджерлерінің жартысына жуығын қысқартады. Нақтырақ айтсақ, "Самұрық-Қазына" 16 басқарушы директордың тек тоғызын жұмыста қалдырады. Бұл туралы бүгін қордың трансформациясына арналған конгресс барысында қор басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

"Самұрық-Қазынаның" жаңа жұмыс үлгісін таныстыра келе, Өмірзақ Шөкеев енді ұлттық қор негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істейтінін атап өтті. Бірінші бағыт - коммерциялық блок, яғни, қазіргі активтердің портфелін басқару, екінші бағыт - корпоративті блок, яғни, қаржы, адами ресурстарды басқару мен операциялық қолдау білдіру шаралары және үшінші бағыт - мониторингтеу.   

"Басқаша айтсақ, біз бақылау үлгісінен портфелді коммерциялық басқару үлгісіне ауысқымыз келеді. Осылайша, мемлекеттік қор өздері  құн саясатын жүзеге асырып, ұлттық компаниялардың қызметіне қатысты әкімшілік жұмыстарды атқармайтын болады", - деп хабарлады Ө.Шөкеев.

Қор басшысы атап өткендей, қызметкерлердің 60 пайызға жуығы жаңа салаларды құру және қазіргі активтердің портфелін басқару бағытында жұмыс атқаратын болады.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!