Алдағы күндері ел аймақтарында күн суытады

Фотография - Алдағы күндері ел аймақтарында күн суытады

Дегенмен, еліміздің басым бөлігінде ауа райы нөлден жоғары болмақ

106 0

10-12 желтоқсан аралығында елімізде күн райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Жылудың және ылғалдың көп мөлшердегі қоры бар қатты атлантикалық циклон Батыс Сібір аумағы арқылы өтіп, өзінің оңтүстік лебін Қазақстанға әкелді.

Нәтижеснде еліміздің солтүстік облыстарында боран соғып, қар жауды, батыстан күшті жел соғып, кей жерлерде оның екпіні 28-36 м/с жеткені байқалды.

Алайда 10 желтоқсанда циклон орталығы Батыс Сібірдің солтүстік-шығыс аудандарына ығысады, ал Қазақстан аумағына Шығыс Еуропадан антициклон ауыса бастайды. Сондықтан алдағы тәуліктрде қардың жаууы, боран және жел бәсеңдейді, ал оның орнына келетін антициклон температураның қысқа мерзімді төмендеуін тудырады.

Бірақ Атлантикадан келетін жылы және ылғалды ауа массасының ендік ауысуы орнығып қалғандықтан, ол республика аумағына суық арктикалық ауаның келуіне кедергі келтіретін болады, сол себепті ауа температурасы бұрынғыдай нормадан жоғары болады, бірақ өткен тәуліктердегідей 8-13º емес, нормадан небәрі 2-5º жоғары болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!