Қазақстанның транзиттік мүмкіндігін арттыратын 3 жоба жүзеге асырылуда

Фотография - Қазақстанның транзиттік мүмкіндігін арттыратын 3 жоба жүзеге асырылуда

Бұл туралы бүгін аталған министрліктің транспорт комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов журналистермен кездесу кезінде айтты.

156 0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, "Нұрлы жол" бағдарламасының аясында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі негізгі 3 жобаны жүзеге асыруда. Бұл туралы бүгін аталған министрліктің транспорт комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов журналистермен кездесу кезінде айтты.

 "Біз қазір "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында негізгі 3 жобаны жүзеге асыру үшін жұмыс істеудеміз. Атап айтсақ, Құрық портында паром салу ісі, Боржақты-Ерсай бағытында теміржол жүргізу және Алматы-Шу бағыты бойынша екінші жол салуды қолға алдық", - деді Д.Потлов.

Комитет төрағасының айтуынша, Құрық портында паром салу арқылы Қазақстанның теңіз арқылы тасымалданатын экспорттық әлеуетін арттыруға болады.

"Каспий теңізінде Құрық портын салу арқылы теңіз арқылы тасымалданатын жүк көлемін одан әрі арттыратын боламыз. Жыл сайын порт арқылы 4 млн тоннадан артық жүк тасымалдауға болады. Жоба құрылысы 2017 жылы аяқталатын болады. Қазіргі уақытта құрылыс жүргізу үшін 115 адам жұмыспен қамтылған", - деп атап өтті.

Д.Потлов Боржақты-Ерсай бағытындағы теміржол құрылысының жұмысымен де таныстырып өтті.

"Боржақты-Ерсай бағытындағы теміржол құрылысы Құрық портына жүк жеткізу үшін салынады. Теміржол учаскесінің ұзынды 14 км шамасында болады. Қазіргі кезде теміржол салуға 75 жұмысшы тартылған. 2015 жылғы маусым айында теміржол уақытша пайдалануға берілді. Бүгінгі күні теміржол арқылы құрылысыл материалдары тасымалдануда. Осы жылдың соңына қарай теміржол толығымен пайдалануға беріледі", - деді Д.Потлов.

Министрліктің "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында атқарып отырған Алматы-Шу бағытындағы екінші теміржолдың жұмысы жолаушылардың уақытын үнемдеуге бағытталған.

"Алматы-Шу бағыты бойынша жылына 30 млн тонна жүк тасымалданбақ. Теміржол арқылы жолаушылардың уақытын 20 сағатқа дейін үнемдеуге мүмкіндік жасалады. Бұл бағыттағы теміржолдың ұзындығы 110 км шамасында болып отыр. Қазіргі кезде 60 жұмысшы еңбек ететін жобаны 2017 жылы пайдалануға беруге болады", - деді Д.Потлов.

Аталған жобалар Қазақстанның транзиттік мүмкіндігін одан әрі арттырып, экономикалық дамуға өз септігін тигізбек.


 BAQ.KZ



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!