Ресейде Нұрсұлтан Назарбаевқа "Жыл адамы-2015" сыйлығы берілді

Фотография - Ресейде Нұрсұлтан Назарбаевқа "Жыл адамы-2015" сыйлығы берілді

2012-2014 жылдары да Қазақстан көшбасшысы екі рет осы жүлденің лауреаты атанған болатын.

570 0

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Халықаралық қатынастар" номинациясында "Жыл адамы-2015" сыйлығы берілді. Марапаттау салтанатты шарасы бүгін Мәскеуде Құтқарушы Христос ғибадатханасының Сергиев залында өтті, деп хабарлайды Ресейдегі Қазақстан елшілігі. 

Жүлде тағайындаушылар – Орыс биографиялық институты мен Экономикалық стратегия институты атап өткендей, Нұрсұлтан Назарбаевқа бұл марапат халықаралық саясат саласындағы және Еуразиялық экономикалық одақтастықты нығайтудағы зор жетістіктері үшін беріліп отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2012-2014 жылдары да Қазақстан көшбасшысы екі рет осы жүлденің лауреаты атанған болатын.
2015 жылғы жүлде лауреаттарының қатарында Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь Републикасының президенті Александр Лукашенко, ҚХА төрағасы Си Цзиньпин, Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесі және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастро, Татарстан тұңғыш президенті Минтимер Шаймиев, Мәскеу және барша Ресей патриархы Кирилл, академик Лео Бокерия, кинорежиссер Никита Михалков және басқалары бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!