"Қазпошта" бірегей байланыс алаңын іске қосты

Фотография - "Қазпошта" бірегей байланыс алаңын іске қосты

"Қазпошта" АҚ көпшілікке қолжетімді, еркін және тегін таралатын www.post.kz электронды поштасын іске қосты

253 0

"Қазпошта" АҚ көпшілікке қолжетімді, еркін және тегін таралатын www.post.kz электронды поштасын іске қосты. Портал мемлекеттік органдарды, бизнесті және халықты бір байланыс алаңына біріктіреді, деп хабарлайды «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінен.

 

"Мемлекетіміздің ақпараттық технологияларының дамуымен, қазақстандықтар қызметтердің көбімен уйден шықпай қолдана алады. www.post.kz Ұлттық электронды поштасы онлайн қызметтердің тізімін көбейтіп, олардың қолдануын ыңғайландырады. Бұл алаң абоненттік жәшік нұсқасында, электронды түрде іске қосылып, керекті хаттар мен хабарландыруларды, мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен халық арасындағы құжаттарды жеткізуге арналған. Жобаның іске асуында, электронды үкімет операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен ынтымақтастығымыз маңызды орын алуда" - деп түсіндірді "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

"Бірлесіп қызмет көрсету барысында, www.post.kz пен www.egov.kz арасындағы бірегей қуаттау жүйесі іске асырылады. Бұл ынтымақтастық нәтижесінде Қазпошта мен электронды үкіметтің қызметтерімен бір есепті жазба арқылы қолдануға болады. Енді мемлекеттік қызметтерге тапсырыс беруден бастап, құжаттардың төлнұсқасын пошта арқылы жеткізу сияқты кешенді форматта қызмет ұсынылады" - деді "ҰАТ" АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев.

Жоба барысында «Қазпочта» АҚ бөлімшелерде ұсынылатын пошталық және қаржы қызметтерінің электронды нұсқасын қосады. Енді қазақстандықтар электронды пошта қызметтерімен бірге, жол ережесін бұзған үшін айыппұлдарды және басқа да төлемдерді іске асырып, сәлемдемелерді ресімдеп және бөлімшедегі кезекті брондай алады. Сонымен қатар клиенттер сәлемдемелердің келер мекенжайын ауыстырып, ыңғайлы болатын бөлімшеге немесе үйге жіберіп, гибридті электронды хат жібере алады, яғни Қазпошта қызметкерлері электронды түрде келген хатты керекті мекенжайда басып шығарып, қағаз түрінде жеткізеді.

www.post.kz ұлттық электонды поштасы арқылы онлайн-трейдинг қызметімен инвестициялар және құнды қағаздармен Қазақстан қор биржасында келісімдер мен алып-сату операцияларын жүзеге асыруға болады.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде, Қазақстанда өзіміздің электронды пошта жүйеміз пайда болып, шетелдік электронды пошта жүйелеріне балама ретінде қызмет істеп, барлық мәліметті қазақстандық серверлерде сақтайтын болады. Ал Қазпошта хаттар мен хабарламаларды жеткізу уақытын үнемдеп, онлайн-трейдинг, постамат, пошталық индекстер, электронды кезек және т.б. қызметтердің сапасын көтеруге жол ашады.


ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!