Жамбыл облысында трассаның екі учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Фотография - Жамбыл облысында  трассаның екі учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Метеорологтар алдағы тәулікте Жамбыл облысында қар жауады деп болжап отыр

441 0

Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассаның учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады аймақтың ТЖД баспасөз қызметінен.

9 желтоқсанда, сағат 23:20-да боран салдарынан Алматы - Ташкент тас жолының "Айша бибі" ІІД ЖПБ бекетінен ОҚО шекарасына дейінгі 529 - 593 км аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды. 10 желтоқсанда таңғы сағат 9:10-да барлық көлік үшін жол ашылды.

10 желтоқсанда сағат 06:40-та ауа райының бұзылуына байланысты Алматы облысымен шекарада  Алматы-Ташкент тас жолының Благовещенка ауылынан "Отар" ІІД ЖПБ бекетіне дейінгі 162-238 км учаскесінде жүк көлігі қозғалысы шектелді, делінген хабарламада.

Метеорологтар алдағы тәулікте Жамбыл облысында қар жауады деп болжап отыр. Кей жерлерде боран, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 18-23 м/с, түнде кей жерлерде 28 м/с-ға жетеді. Сынап бағанасы - 5°С аязды, кей жерлерде - 8°С көрсетеді.

Таразда  солтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы 23 - 28 м/с-ға жетеді. Жауын-шашын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Облыс орталығында ауа температурасы түнде және күндіз  -1°С, - 3°С аяз болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!