Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасындатып, көктайғақ болады

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасындатып, көктайғақ болады

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді

297 0

Қазақстан басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, тек республиканың батысында күн ашық ашық болады, деп хабарлады ҚР ТЖК баспасөз қызметінен. 

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. 
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман болады. 

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. 

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!