"Алтын сапаға" қатысушылар 10 жыл ішінде 3 есеге өсті

Фотография - "Алтын сапаға" қатысушылар 10 жыл ішінде 3 есеге өсті

Алтын сапа" сыйлығына үміткер болғандардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейтін кәсіпорындар да болған

351 0

Бүгін Астанада ҚР Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық байқау-көрмесі мен "Парыз-2015" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтіп жатыр. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік еңбек қатынастары департаментінің директоры Салтанат Әбдікәрімова биылғы жылы қатысушылар саны көп болды дейді.  

"Байқауға қатысушылардың саны жылдан жылға артуда. 2006 жылы «Алтын сапа» ҚР Президентінің сыйлығын алуға арналған байқауының қатысушылар саны 52 кәсіпорын болса, биыл 153-ке дейін жетті. Байқауға қатысуға тапсырылған 153 ұсыныстың ішінде 69-ы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен келіп түскен. Сонымен қатар байқауға 44 орта, 40 ірі компания қатысты", – дейді Салтанат Әбдікәрімова.

Оның айтуынша, "Алтын сапа" сыйлығына үміткер болғандардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейтін кәсіпорындар да болған.

"Өңдірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша 63 компания бақ сынаса, халық тұтынатын тауарларды шығарумен айналысатын кәсіпорындардан 52 ұсынып келіп түсті. Ал қызмет көрсетумен айналысатын компаниялар ішінен 38 кәсіпорынның қызмет көрсету сапасы қаралды. Сондай-ақ "Алтын сапа" сыйлығына үміткер болғандардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейтін кәсіпорындар да болды", – дейді ол.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!