Президент Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын іске қосты

Фотография - Президент Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын іске қосты

Аталған іс шара "Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпір аясында жүзеге асты

214 0

"Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы" атты жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысы "Ақтау солтүстік теңіз терминалы" ЖШС Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын іске қосты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту елдің транзиттік әлеуетін арттыратын бағыттардың бірі және қазақстандық тауарларды халықаралық нарыққа шығаратын басты шарттардың бірі болып саналады. Бүгінде Ақтау портының қуаттылығын арттыру жөніндегі Сіздің жеке тапсырмаңыз орындалды деп сеніммен айта аламыз", - деді  "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ҰК" АҚ директоры Михаил Ялбачев. 

Оның хабарлауынша, солтүстік терминалды іс жүзінде жүзеге асыру жұмыстары басталды. Өте қысқа мерзімде салынған  порттың инфрақұрылымы порттың өткізу қуатын жылына 3 тоннаға дейін арттырады.

"Баяндамаларыңыз үшін рахмет. Ақтау теңіз портын кеңейту, әсіресе, солтүстік терминалдың кеңеюі өте маңызды жоба. Қазір Иран арқылы Парсы шығанағына қарайғы теміржолдың құрылысы аяқталған тұста, біз астығымыз үшін жаңа нарыққа жол ашып отырмыз", - деді Мемлекет басшысы өндірісті іске қосуға рұқсат бере отырып.


Тегтер:

ақтау порты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!