"Астана ЕХРО-2017" компаниясы көрме аумағына көшеді

Фотография - "Астана ЕХРО-2017" компаниясы көрме аумағына көшеді

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Орынбор көшесі бойындағы ЭКСПО қалашығы аумағындағы ғимаратқа көшеді.

251 0

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Орынбор көшесі бойындағы ЭКСПО қалашығы аумағындағы ғимаратқа көшеді. 

Бұл туралы бүгін «Astana Pro Team» велокомандасы мүшелерімен кездескен аталған компанияның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлім етті.

"Сіздер құрылыс алаңында тұрсыздар. Біздің департаменттің бір жартысы бұл ғимаратқа көшеді. Келесі аптада біз көшу жұмыстарын толық аяқтаймыз. Содан кейін дәл осы жерде, ЭКСПО аумағында жұмыс істейтін боламыз", - деді А.Есімов.

Айта кетерлігі, компания кеңсесі әзірше Қонаев көшесі бойындағы "Изумурудный квартал" әкімшілік кешенінде орналасқан.

Сонымен қатар А.Есімов  2017 жылы халықаралық көрме өтетін ЭКСПО-қалашық аумағында қандай жұмыстар жүргізілетіндігін егжей-тегжейлі айтып берді.

"Ең басты нысан - бұл сфера Қазақстан павильоны. Қазіргі уақытта пішіні қалыпқа түсіп келеді. Шамамен желтоқсанның соңында, қаңтардың басында біз оны аяқтаймыз. Одан кейін әрлеу жұмыстарын бастаймыз. Кейбір ғимараттардың әлемде баламасы жоқ. Сондықтан жобалаумен қатар салу да қиындықтар туындатуда. Дегенмен, жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде", - деді ол.

Оның атап өтуінше, бүгінгі күні 55 ел мен 13 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын қуаттады. Жалпы 100-ден астам мемлекет қатысады деп күтілуде.



ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!