Назарбаев: Игіліктің бәрін жасайтын еңбек адамы

Фотография - Назарбаев: Игіліктің бәрін жасайтын еңбек адамы

Ақордада мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыс ету шарасы өтті

1041 0

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыс етті, деп жазады Today.kz. Наградалар әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, достықтың нығаюы мен халықтар арасында ықпалдастыққа қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызмет үшін ұсынылды.

Мараптталғандар қатарында – көрнекті мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау қайраткерлері, өндірістік сала, бизнес өкілдер, құқық қорғау органдары, іскери қызметкерлер, спортсмендер, соғыс және еңбек ардагерлері.

"Осы бір қысқа 24 жылда дамудың үлкен жолын басып өттік, мемлекетігімізді орнаттық, экономикамызды дамыттық, жаңа қазақстандықтарды, басқа жастарды, жаңа адамдарды тәрбиеледік, енді біздің жастар көптеген шетелдерде білім алуда, өндірушілеріміз де маңызды жұмыс атқаруда. Осы жылы біз ғарышқа үшінші ғарышкерімізді аттандырып, ДСҰ-ға мүше болдық, экономикадағы қиындықтарға қарамастан көп нәрсе бітірдік деп ойлаймын. Бұл жетістік – барша қазақстандықтардың еңбегінің жемісі", - дейді Елбасы.

Өзінің сөзінде ҚР Президенті Қазақстанды адамды жоғары бағалайтын жалпы еңбек елі деп атауға болатынын айтты.

Сөз аяғында Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен және Жаңа жылмен құттықтап, барлығына жұмыстарнды жеміс пен денсаулық тіледі.

"Осының бәрі еңбекпен келді, еңбекпен ғана бәріне жетуге болады. Сондықтан, жолдауда айтып өткенімдей еңбек адамын құрметтеу керек. Адамдардың кез келген салада істеп жатқандары – бұл еңбек. Алайда, еңбек адамының жұмысы бар, ол барлық жағдайды жасаушы. Сондықтан Еңбек даңқымен марапатталғандарды ерекше атап өткім келеді. Бұл экономикалық күшті тудырып жатқан, барлық саладағы барлық жұмысшыларға үлгі болсын. Экономика негізінде әлеуметтік жағдайлар, денсаулық сақтау, білім беру, қорғаныс, ішкі қауіпсіздік те туындайды. Сондықтан сіздер үшін бүгін маңызды күн, сіздерді еңбектеріңіздегі жеміс әрдайым қуантсын. Сіздерге мықты денсаулық пен отбасыңыздарда береке болсын деп тілеймін", - деп атап өтті Назарбаев.

Естеріңізге салайық, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада бірқатар адамдарға ҚР экономикалық дамуы мен өндірістік саладағы жеткен жетістіктері үшін мемлекеттік наградаларды табыстаған болатын. Марапатталғандардың толық тізімімен мына сілтеме бойынша өтіп танысуға болады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!