ҚР-дағы АҚШ Елшісі қазақ тілінде Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Фотография - ҚР-дағы АҚШ Елшісі қазақ тілінде Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джорд Крол қазақстандықтарды қазақ тілінде Тәуелсіздік мейрамымен құттықтады.

191 0

Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джорд Крол қазақстандықтарды қазақ тілінде Тәуелсіздік мейрамымен құттықтады.

Елшінің бейне құттықтауын елшіліктің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде жариялап отыр.


"Құрметті қазақстандықтар! Сәлеметсіздер ме! Сіздерді Америка Құрама Штаттарының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. АҚШ 24 жыл бұрын Қазақстанда өз  елшілігін ашқан бірінші мемлекет. Содан бері Америка Қазақстанның серіктесі және жақсы досы болып келеді. Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанның барша азаматтарына бақыт, бейбітшілік және еңбектеріне табыс тілеймін. Мейрамдарыңыз құтты болсын!" - деді өз құттықтауында Елші.

Естеріңізге сала кетейік, Өкілетті Елші Джорд Крол Осы жылдың наурыз айында елбасы мен қазақ жұртын Наурыз мерекесімен құттықтаған болатын.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!