ҚазАгро жыл сайын 15-20 миллиард теңгені шағын несие түрінде беріп отыр

Фотография - ҚазАгро жыл сайын 15-20 миллиард теңгені шағын несие түрінде беріп отыр

Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов осылай мәлім етт

215 0

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жыл сайын шағын несие түрінде 15-20 млрд. теңге беріп отыр. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында компанияның басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов осылай мәлім етті.

"Бізде шағын және орта бизнес портфельдің елеулі бөлігін құрап отыр. Орташа займ көлемі 12 млн. теңгеге жуық. Шағын несиелеуге тоқталатын болсақ, бізде бір қарыз алушыға займ сомасы 3 млн. теңге шамасында. Ал портфель 70 млрд. теңге көлемінде. Жыл сайын филиалды желі арқылы шағын несие түрінде 15-20 млрд. теңге беріледі",-деді Н. Малелов.

Сонымен қатар ол несиелер шағын қаржылық ұйымдар арқылы берілетіндігін де тілге тиек етті. Бұл тұрғыда шағын несиелік ұйымдар ауылдық жердегі қарыз алушыларды несиелендіреді.

Бүгінде клиенттердің жалпы саны 33 мыңды құрап отыр, оның 28 мыңына тікелей қызмет көрсетілуде, ал 5 мыңға жуығы шағын қаржы ұйымдары арқылы қызмет алуда.

 


Тегтер:

несие ҚазАгро

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!