Назарбаев: "Дағдарыс жеңуге үйретеді"

Фотография - Назарбаев: "Дағдарыс жеңуге үйретеді"

Мемлекеттік Опера және балет театрында өтіп жатқан Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шара өтті

241 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында республиканың тәуелсіздігін 25 жылдығын тойлау дайындығына бастама берді, деп жазады Today.kz

"Мен биыл көктемде жариялаған Ұлт жоспарын орындауға кірістік. Оны еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жүзеге асыруды бастау символдық мәнге ие. Менің ойымша, еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын алдағы жылы мерекелеуге даярлық шараларын баршамызға бастауға рұқсат беру дұрыс болады",-деді Н. Назарбаев

Елбасы жиналғандарды меркемен құттықтап, "дағдарыс жеңуге үйрететінін" атап өтті.

"Болашақ XXI ғасырда – бұл кез келген жолды жалғастыратын ашықалаң емес. Алда бізді қазіргі мен өткенен гөрі күрделі бағыт күтіп тұр. Тарих тек жеңістерден тұрмайды. Барлығы жақсы бола берсе, тарих та болмас еді. дағдарыстар бізді жеңіске үйретеді: әрбір дағдарыстан кейін жаңа даму болады, сондықтан еліміз үшін тұрақтылықтың бағасы артуда. Тұрақты экономика, саясат, тұрақты қоғам – бұл біз үнемі ұстанған бағыт және одан ауытқымауымыз керек. Құрметті отандастар, тәуелсіздік жылдары тарихи жамуда біз үлкен серпіліс жасадық. Біздің тарих бір – бұл сәттілік пен даму тарихы. Тәуелсіздік күнімен құрметті азаматтар мен отандастар!" – деді Президент.

Сонымен бірге, Қазақстан президенті қазақстандықтар ортақ болашақтың жолы ашық ұлтқа айналып келе жатқандығын айта кетті.

"Біздің ел аз күндерден соң Дүниежүзілік сауда ұйымының аясында еркін сауда нарығында жұмыс істейміз. Осы кезге дейін өздеріңіз білесіздер, Еуразиялық экономикалық одақ аясында азды-көпті тәжірибе жинап үлгердік. Қалай болғанда да Қазақстанның жаһандық дағдарыс жағдайына қарамай, әлемнің дамыған 50 елінің қатарына кірді. Әсіресе, сыртқы экспорттағы көрсеткіштеріміз көңіл көншітерліктей. Адами капиталды дамыту тұрғысынан алғанда біздің ел әлемдік рейтингтік көрсеткіште 14-орынға жоғарылады. Бұл өте жақсы көрсеткіш", - деді Елбасы.

Шара соңында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Естеріңізге салайық,15 желтоқсанда, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада бірқатар адамдарға ҚР экономикалық дамуы мен өндірістік саладағы жеткен жетістіктері үшін мемлекеттік наградаларды табыстаған болатын. Марапатталғандардың толық тізімімен мына сілтеме бойынша өтіп танысуға болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!