Қазақстан барлық елдегі елшілігіне Әнұранның дұрыс нұсқасын қоюға тапсырма берді

Фотография - Қазақстан барлық елдегі елшілігіне Әнұранның дұрыс нұсқасын қоюға тапсырма берді

Хаттарда спорт шараларын ұйымдастырушыларға гимннің дұрыс нұсқасын беру туралы тапсырма берілген.

784 0

Ірі спорт жарыстарында Әнұранды шатастыру оқиғалары жиілеп кеткендіктен, Қазақстанның барлық елшілігіне хат жолданды деп жазады abai.kz басылымы.

Бұл туралы Астанада мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлімдеді. Хаттарда спорт шараларын ұйымдастырушыларға гимннің дұрыс нұсқасын беру туралы тапсырма берілген.

Қазақстанның ескі Әнұраны биылғы жылдың қарашасында Хельсинкиде "Барыс" – "Йокерит" хоккей командаларының кездесуінде ойналған еді. Сонымен бірге, Грозныйдағы жарыста топ жарған ауыр атлет Илья Ильин мен Хорватиядағы жарыстың жеңімпазы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді марапаттау кезінде де қолданыстан шыққан Әнұран орындалған болатын.

"Менің Қазақстаным" әні 2006 жылы ескі гимнді алмастырған. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзінің авторлары ретінде ақын Жұмекен Нәжімеденов пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрсетілген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!