Ә. Жақсыбеков:Тәуелсіздік - Қазақстан халқының басына қонған қастерлі бақ

Фотография - Ә. Жақсыбеков:Тәуелсіздік - Қазақстан халқының басына қонған қастерлі бақ

сурет :©Арман Мухатов

Әр жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан Республикасы тәуелсіздік мерекесін тойлайды

254 0

Астана әкімі Ә.Жақсыбеков астаналықтар және қала қонақтарын Тәуелсіздік мейрамымен құттықтады.

"Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік сан тарихты бастан өткеріп, бойдағы тектілік пен тағдыр жазуының арқасында бүгінге жеткен Қазақстан халқының басына қонған қастерлі бақ. Қол жеткен жетістікті ұстап тұру, оны жаңа белестерге шығару қыруар қажыр-қайрат пен үлкен білімді қажет етеді. Тәуелсіз еліміздің жиырма төрт жылда аяғынан тік тұрып, өзгелермен терезесі тең мемлекет ретінде қалыптасуы Елбасымыздың салиқалы саясаты мен ел азаматтарының жұмыла еңбек етуінің нәтижесі.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз еңселі болсын! Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!",-делінген құттықтауда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!