Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды

Фотография - Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды

Әр жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан Республикасы тәуелсіздік мерекесін тойлайды

234 0

Бүгін Алматыда Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Тәуелсіздік монументі алдында салтанатты жиын болып өтті.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша алдымен монумент жанына салтанатты қарауыл қойылды.

Гүл қою рәсімін бастамас бұрын азаттық жолында құрбан болған азаматтарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.

Содан кейін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бастап Ұлы Отан соғысы мен Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар және Алматы қаласы жастарының ұйымдары кезекпен Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Жиын соңында, Қазақстан Құрлық әскерлерінің әскери институты мен радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары бүгінгі рәсімге жиналғандар алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!