Бас прокуратурада Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті

Фотография - Бас прокуратурада Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті

Әр жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан Республикасы тәуелсіздік мерекесін тойлайды

339 0

Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

 Ұжымды осы айтулы мерекемен құттықтай отырып, Бас прокурор егемендіктің маңызын, еліміздің қол жеткізген жетістіктерін, мемлекеттілікті нығайтудағы прокуратураның рөлін атап өтті.
"Тәуелсіздікті ту еткен жылдарымыз Қазақстанның жаңа тарихына экономиканың, әлеуметтік, мәдени және саяси жүйелердің қалыптасуына бағытталған маңызды өзгерістер мен реформалар кезеңі ретінде енеді", – деді Асхат Дауылбаев.
Президенттің сындарлы саясаты арқасында еліміз мемлекеттілікті құруда толайым табыстарға қол жеткізді, халықаралық қауымдастық алдында зор беделге ие болды.
Бүгінгі күннің басты мақсаты – қол жеткізген табыстарымызды нығайтып, баянды ету, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде еліміздің болашаққа қарай қарқынды дами беруін қамтамасыз ету.
Еліміздің басты мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен прокуратура органдарының бірқатар қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ие болды.
Қостанай облысының прокуроры Марат Қайыбжанов және Жамбыл облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов II дәрежелі "Даңқ" орденінің, Бас прокуратура департаментінің директоры Ыбрайым Көзбаев "Құрмет" орденінің иегерлері атанды.
II дәрежелі "Айбын" орденімен Бас прокурордың аппараты басшысының орынбасары Магомед Акаев, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Ерғали Мәбиев және Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Әбіл Қожахметов наградталды.
Орталық аппараттың және өңірлік прокуратуралардың еңбекте үздік болған бірқатар қызметкерлері "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бас прокурор барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтап, оларға тәуелсіз Қазақстанның одан әрі қалыптасуы жолындағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісінде бұдан былай да зор жетістіктерге қол жеткізуді тіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!