Мәскеуде Қазақстанның Тәуелсіздігі күні аталып өтті

Фотография - Мәскеуде Қазақстанның Тәуелсіздігі күні аталып өтті

Салтанатты қабылдауда Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Марат Тәжин сөз алды.

118 0

Мәскеуде Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты қабылдау өтті. Іс-шараға Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мұрындық болған, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, дипломатиялық шараға Ресей Президенті Әкімшілігі, Үкіметі мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Мемлекеттік дума мен Федеральды Жиыны Федерация кеңесінің депутаттары, Мәскеуде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың басқарушы құрамы, ғылым және мәдениет қайраткерлері, федералды БАҚ басшылары мен жетекші ресейлік журналистер, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Салтанатты қабылдауда Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Марат Тәжин сөз алды.

"2015 жыл Қазақстан үшін және қос мемлекеттің екіжақты қарым-қатынастары үшін айрықша жыл болды. Осы жылы Президент сайлауы өтіп, қазақстандықтардың барлығы дерлік Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап, дауыс берді. Қазақ хандығының 550 жылдығын барша ел болып атап өттік. Біздің халықтар Жеңістің 70 жылдығын бірге тойлады, бұл біздің тарихқа және қазіргі заман ағымына деген көзқарасымыз көп жағдайда сәйкес келетінін тағы бір мәрте дәлелдеді", - дейді дипмиссия басшысы.
РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Василий Небензя қазақ халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елдің қазіргі даму жағдайына жоғары бағасын берді.
"Қазақстан – әлемдік қауымдастықтың белді мүшесі, экономикасы дамыған және шаруашылық әлеуеті жоғары қазіргі заманғы демократиялық мемлекет. Қазақстан мен Ресейді көп ғасырлы тарих байланыстырады. Біздің байланысымыз стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық сипатқа ие", - деп атап өтті ресейлік дипломат.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!