Зерттеу бойынша Қазақстан жастарының көбі өз кәсібін ашуға ниетті

Фотография - Зерттеу бойынша Қазақстан жастарының көбі өз кәсібін ашуға ниетті

Бұл осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалым Рамазан Салықжановтың пікірі

247 0

Ел жастарының басым бөлігі белсенді өмір сүруге тырысады. Бұл осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалым Рамазан Салықжановтың пікірі.

 Оның айтуынша, қазіргі жастар өз кәсібін ашуға бейім. Қос құрбының есімдері де бірдей. Әйгерім Мамытова мен Әйгерім Сәрсенова кәсіптерін бар болғаны 200 мың теңгемен бастаған. Құрбылар бір жыл бұрын тілдерді оқыту мектебін ашуға бел буады. Екеуі де университет қабырғасында оқып жүріп ағылшын тілінің репетиторы болып табыс тапқан. Алдымен кеңсені жалға алып, жиһаз сатып алған. Ал оқулықтарға ғаламтор арқылы тапсырыс берген. Қазір орталықта 9 маман қызмет етеді.

Әйгерім Мамытова, тілдерді оқыту орталығының негізін қалаушы:
- Бірінші айда жалға берілген кеңсенің ақшасын төлеп, кішігірім табыс таптық. Әлеуметтік желілердегі ақылы жарнамаға қаржы болмағандықтан, бұл бағытты өз қолымызға алдық. Жеке сайтымызды іске қостық. Менің ойымша, кез келген бастаманы жүзеге асыру үшін қыруар қаржы қажет емес. Бар болғаны еңбек етіп, табыс табуға күш салу керек.

Әлеуметтік ғылымдар кандидаты Рамазан Салықжановтың пікірінше, қазір ел жастары барлық салада белсенділік таныта алады.

Рамазан Салықжанов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтану кафедрасының доценті:
- Соңғы жылдары жүргізілген зерттеу жұмыстары жастардың 60%-ы көздеген мақсатына өз бетімен жетуге ниетті екендігін көрсетті. Әсіресе ғылыми бастамаларды жүзеге асырып, бизнес саласында қызмет етуге қызуғышылық танытады.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, елімізде 450 мыңнан астам жас белсенді қызмет етеді. Олардың 14 мыңы жеке кәсіп иесі атанып, ел азаматтарын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!