Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

Фотография - Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен ескерту жариялады.

346 0

Ауа райына байланысты еліміздің үш өңірінде авто жолдар жабылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен хабарлады. 

Батыс-Қазақстан облысында 17 желтоқсан сағат 20-40 ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) облыс аумағы бойынша барлық а/ж-да жүк автокөліктеріне және қоғамдық көліктерге қозғалыс тоқтатылды.

Павлодар облысында 17 желтоқсанда сағат 21-00 ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) «Астана-Ерейментау-Шідерті» а/ж (205-259 км) жүк және жолаушы автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.
Ақтөбе облысында 17 желтоқсан сағат 21-30-дан бастап, ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, көктайғақ) «Самара-Шымкент» а/ж (719-526 км) жүк және қоғамдық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!