Кәрім Мәсімов ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті

Фотография - Кәрім Мәсімов ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті

Кәрім Мәсімов түрлі деңгейдегі жиі кездесулер екі ел арасындағы келісімдерді сатылап жүзеге асыруға жәрдемдесетінін айтты.

161 0

Қытайда ресми сапармен жүрген Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 
еліссөздер барысында тараптар жан-жақты әріптестік бойынша қазақстандық-қытайлық қарым-қатынастардың дамуын талқылап, өзара сенімділік пен түсіністіктің жоғары деңгейін атап өтті.
Үкімет басшысы қытай көшбасшысына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізіп, ҚХР-ға ресми сапармен шақырғаны және Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтағаны үшін алғысын білдірді.
Кәрім Мәсімов түрлі деңгейдегі жиі кездесулер екі ел арасындағы келісімдерді сатылап жүзеге асыруға жәрдемдесетінін айтты.
Сонымен қатар К.Мәсімов пен С.Цзиньпин мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық салалары бойынша, оның ішінде сауда-экономикалық, индустриалдық-инновациялық, өнеркәсіп, инвестиция салаларындаңы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылықтарын жеткізді.
Сондай-ақ К.Мәсімов ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен Учжэньдегі Дүниежүзілік интернет-конференцияға келген делегация басшыларының ұжымдық кездесуіне қатысты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!