Бүгін Астанада бас имамдар есеп береді

Фотография - Бүгін Астанада бас имамдар есеп береді

Осы жылы еліміз бойынша жат ағымның жетегіне кеткен 802 адам дәстүрлі дінімізге қайтты

383 0

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстардағы Бас имамдары Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына 2015 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп береді. Бұл туралы Мүфтияттың баспасөз қызметі хабарлады.  

Имамдар Бас мүфти бекіткен уағыз-насихат, қайырымдылық, жат ағыммен күрес және мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарының жұмысы қатарлы төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асқан жұмыстар жайын баяндайтын болады.

Айта кетейік, осы жылы еліміз бойынша жат ағымның жетегіне кеткен 802 адам дәстүрлі дінімізге қайтты. Олардың аты-жөні, телефон нөмірі Діни басқармаға тіркелді. Сондай-ақ, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесі "шариғи", "әлеуметтік", "медецина" және "отбасы мәселелері" бағытында 13 пәтуаны қабылдап, шешім шығарды. 

Республика бойынша "Құран жарыстары", "сауат ашу курстары", "сенбіліктер", "пікірталастар", "викториналар", "рухани кештер" секілді іс-шаралар жастардың атсалысуымен 3010 кездесу өтсе, 315 әртүрлі акция ұйымдастырылып, 128 000 жас қатысты. 423 000 жасқа уағыз-насихат жұмыстары жүргізілді. ҚМДБ-ның облыстық жерлердегі Түзеу колонияларындағы сотталушылармен түсіндірме жұмысын жүргізетін арнайы имамдар құрамы жасақталды. Олар террористік және діни экстремистік идеяның таралуына жол бермеуге бағытталған түсіндірме шараларын белсенді жүргізуде. Нәтижесінде ағымдағы жылы экстремистік әрекетке қатысты жазасын өтеуші 723 тұлғаға қатысты жеке түсіндірме жұмысы жүргізілді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!