Алдағы күндері Қазақстан аумағында күн жылынады

Фотография - Алдағы күндері Қазақстан аумағында күн жылынады

Аяздар Атлантикалық циклонның әсерінен кетеді

238 0

Алдағы күндері – желтоқсанның 22-24 – Қазақстан аумағында ауа температурасының көтерілуі күтілуде. Аяздар қайтып, оның орнына қарлы және тұманды ауа-райы орнайды, деп жазады Today.kz  "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Алдағы күндері Қазақстан аумағында өзімен бірге жылы және ылғалды ауа әкелетін Атлантикалық циклон себебінен аяздар қайтады. Осыған байланысты аяздар орнына қар, бұрқасын және тұманды ауа-райы орнайды, көк тайғақ болады. Республиканың батысында ауа температурасы күндіз +1+6, түнде -5-7 градус, кейде +3 жылы.

Солтүстікте күндіз -3-тен +2-ге дейін баяу жылиды, түнде 15-тен 0 градусқа дейін.

Қазақстанның орталығы мен шығысында түнде және күндіз ауа температурасы көтеріледі.  Күндіз -15-тен 0-ге дейін, кей жерлерде +3-ке дейін болады, түнде -5-тен -20 градусқа дейін.

Оңтүстікте күндіз 0-ден +8-ге дейін көтеріледі. Түнде 0 градус.

Оңтүстік-шығыста жақын күндері көктайғақ пен тұманды болады", - деп хабарлады ведомстводан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!