"Қазақстан темір жолы" астық экспортын 25%-ға арттырды

Фотография - "Қазақстан темір жолы" астық экспортын 25%-ға арттырды

"Қазақстан темір жолы" компаниясы 2 миллион тоннадан астам биылғы жылдың астығын экспортқа шығарған.

177 0

"Қазақстан темір жолы" компаниясы 2 миллион тоннадан астам биылғы жылдың астығын экспортқа шығарған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға көп. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Асқар Мәмин айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"2015 жылдың 2 миллион 300 мың тонна астығын экспортқа жөнелттік. Жалпы алғанда, 3 миллион 600 мың, оның ішінде 1 миллион 300 мың бидайды республика ішінде және 2 млн 300 мың тонна астықты экспортқа жібердік. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға көп", - деп хабарлады А.Мәмин.

Оның айтуынша, өткен жылы бұл уақытта 1 миллион 800 мың тонна астық экспортқа шығарылған.

"Ешқандай мәселе жоқ, біз ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, экспорттаушылар, Ауыл шаруашылығы министрлігімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз. Астық тасымалдайтын вагондармен қамтамасыз ету бойынша да еш қиындық жоқ", - деді ұлттық компания президенті.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!