Пошта саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралар күшейтіледі

Фотография - Пошта саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралар күшейтіледі

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде "Пошта туралы" заң жобасын таныстырған Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті

95 0

Пошта саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралар күшейтіледі. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде "Пошта туралы" заң жобасын таныстырған Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті. 

Вице-министрдің айтуынша, пошта саласының қолданыстағы заңнамалық базасы ақпараттық қоғамның дамуына қарай жаңғыртуды қажет етеді.

"Мәселен, "Пошта туралы" ҚР Заңы 2003 жылы күшіне енген болатын және сол уақыттан бері 12 жыл өтті. Осы уақыт аралығында пошта байланысы қызметтерін көрсетудің технологиясында өзгерістер пайда болды, халық тарапынан электрондық коммерция, электрондық қызметтер және т.б. сияқты кейбір пошталық қызметтерге сұраныстары артуда. Бұдан басқа, пошта саласындағы қолданыстағы заңнамада кейбір кемшіліктер бар", - дейді С.Сәрсенов.

Оның айтуына қарағанда, заң жобасының негізгі мақсаты қолданыстағы заңнамадағы кемшіліктерді жою, пошта операторларының әрекетін заманауи талаптарға және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін құқықтық негізбен қамтамасыз ету, пошта байланысы қызметін көрсетудің сапасын арттыру және оның тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұдан бөлек, пошта саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтіледі.

"Ауылдық елді мекендерде ақша қаражаттарын ұрлау және жымқыруды болдырмау бойынша шаралар қабылданатын болады", - деді вице-министр.

Тұтастай алғанда, қазіргі уақытта Қазақстанда пошта қызметтерінің желісі дамудың жаңа сапалы деңгейіне өту сатысында болып табылады. Ал былтырғы жылдың қорытындысы бойынша пошта операторларының 2014 жылда көрсетілген қызметтерден түскен жалпы табыс жазбаша хат-хабардан 10,7 млрд. теңге, сәлем-сауқаттардан 12,5 млрд. теңге, қаржылық қызметтерінен 13,2 млрд. теңгені құраған. Мамандар жыл сайын жазбаша хат-хабар көлемінің азаюын алға тартады.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!