Республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді

Фотография - Республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді

Қазіргі уақытта аталған жол учаскелерінде қар тазалау жұмыстары жүргізілуде

341 0

Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады "Қазавтожол" РМК баспасөз қызметінен.

Бүгін Ақмола облысында ауа райының нашарлауына (қар, боран, жолдың көрінбеуі) байланысты Қостанай-Әулиекөл-Сұраған (232-260 шақырым), Қостанай облысы шекарасынан Сұраған селосына дейін; Жақсы-Есіл-Бұлұзақ (0-82 шақырым); Екатеринбург-Алматы (856-1000 шақырым), СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейін жолдарда көліктің барлық түрлері үшін бұрын енгізілген шектеу өз күшінде қалды.

Қазіргі уақытта аталған жол учаскелерінде қар тазалау жұмыстары жүргізілуде. Оған "Қазавтожол" РМК Ақмола облыстық филиалы қызметкерлерінің жеке құрамы мен кәсіпорын техникалары жұмылдырылды.
ШҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы (108-123 шақырым), Шемонаихадан РФ шекарасына дейін автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!