Е.Ыдырысов: Қазақстан "үлкен ойын" тұжырымдамасынан түбегейлі бас тартады

Фотография - Е.Ыдырысов: Қазақстан "үлкен ойын" тұжырымдамасынан түбегейлі бас тартады

Оның пайымынша, Қазақстан мен Орталық Азия елдері жетілген ойыншылар және қандай да бір ойындағы "қолбала" емес

97 0

Қазақстан"үлкен ойын" тұжырымдамасынан түбегейлі  бас тартады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.

"Жоғары деңгейдегі делегациялар барыс-келісінің жандануына байланысты әлемнің кейбір сарапшылары біздің өңірдегі қандайда бір "үлкен ойындардың" туындап келе жатқандығын айта бастады. Қытай, Ресей, Түркия, Үндістан, Жапония, АҚШ, Еуропа көшбасшыларының сапары оларда "үлкен ойын" туралы ой туындатып отыр. Осы ретте мен Қазақстанның «үлкен ойын» тұжырымдамасынан түбегейлі  бас тартатындығын атап өткім келеді", - деді Е.Ыдырысов.

Оның пайымынша, Қазақстан мен Орталық Азия елдері жетілген ойыншылар және қандай да бір ойындағы «қолбала» емес.

"Қазақстан Еуразияны ынтымақтастықтың, өзар іс-қимыл мен сенімнің үлкен алаңы ретінде қарастырады және біз барлығына да тиімді тұжырымдама ұсындық", - деді министр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!