Мәжіліс төрағасы Қ. Жақыпов жыл қортындысын жасады

Фотография - Мәжіліс төрағасы Қ. Жақыпов жыл қортындысын жасады

Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен 2015 жыл бойынша Мәжілістің соңғы жалпы отырысы өтті

326 0

Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен 2015 жыл бойынша Мәжілістің соңғы жалпы отырысы өтіп, Қ. Жақыпов жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылад, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі.

Мәжіліс Төрағасы осы жылы Тәуелсіз Қазақстанымыздың жылнамасында орын алған маңызды оқиғаларды тізбектей келіп, сол тарихи сәттердің барлығында Мәжіліс депутаттарының қолтаңбасы қалғанын атап өтті. Ол тек қомақты сандық көрсеткішпен ғана емес, Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын, халқымыздың жарқын болашағын қамтамасыз ету жолында сапасымен де ерекшеленген Мәжілістің өнімді заңнамалық қызметінде айрықша көрініс тапты. Оған Елбасының да бірнеше мәрте жоғары баға бергенін алға тартқан Мәжіліс Төрағасы алдағы уақытта да заңнамалық жұмысты жоғары қарқынмен атқару керектігін, оны уақыттың өзі және Президенттің мемлекет алдына қойған маңызды міндеттері талап етіп отырғанын баса айтты.

-Елбасы біздің мемлекетіміз барлық жағынан бәсекеге қабілетті болуын міндеттеді. Біз де бәсекеге қабілетті заңдар қабылдауымыз керек,-деді Қ. Жақыпов.

Осы мақсатта Спикердің тапсырмасымен жыл басынан бері әрбір заң жобасына барлық кезеңдерде жеке-жеке талдау жасап, депутаттардың заңнамалық жұмысын қамтамасыз етуге жұмылдырылатын барлық қызметкерлерге, бөлімдерге нақты қаралып отырған заң жобасы бойынша жүйелі мониторинг жасаумен қатар, сол сала бойынша көтерілген өзекті сұрақтарды жан-жақты сараптау жүктелген болатын. Соның нәтижесінде заңдық жолмен шешуді қажет ететін көптеген мәселелер жарыққа шықты.

Заң жұмысы әрқашанда біздің мемлекетіміз бен қоғамның өмірлік қажеттіліктеріне қатысты нақты жағдайға бейімделіп, біздің азаматтарымыздың негізделген сұрақтарын шешуге тиіс, дей келе, Мәжіліс Спикері:

-Заң жұмысында біздің қандай бір іркіліске, тоқырауға жол беруге қақымыз жоқ. Біз Елбасының мемлекет пен ұлтты жаңғырту үдерістерін заңнамалық қамтамасыз ету жолындағы сенімді тірегіміз. Президенттік ауқымды бастамаларды жүзеге асыру, мемлекетті нығайту бағытындағы сапалы заңдық жұмыс - Мәңгілік елге апаратын сара жол,-деді.

Одан әрі Мәжіліс Төрағасы ел игілігі жолында бірлесіп атқарған жұмыстары үшін депутаттық корпусқа, парламенттік фракциялардың, Қазақстан Халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшелеріне, Аппарат қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өз алғысын білдіріп, жаңа жылда жаңа табыс тіледі.

Мәжіліс алдағы уақытта да келер жылдың еншісінде тұрған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, парламенттік сайлау, ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық сынды басқа да салмақты шараларды абыроймен атқару жолында аянбай еңбек етуге дайын.

Жылдың сандық қорытындылары: 2015 жылы Мәжілісте 3 Палаталардың бірлескен отырысы, 38 жалпы отырыс, 5 үкіметтік сағат өтті. Ағымдағы жылы Мәжіліс қарауында 210 заң жобасы болды. Оның 158-і мақұлданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 59 заңға артық.

2013-2014 жылдары депутаттар 10-14 заңға бастамашы болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 25-ке жетті.

2015 жылы екі мыңға жуық жұмыс топтарының отырысы және үш жүзден астам комитеттер отырысы өтті.

Үкімет пен мемлекеттік органдар атына 159 депутаттық сауал жолданды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!