Алдағы күндері Астанада қар жауып, боран соғады

Фотография - Алдағы күндері Астанада қар жауып, боран соғады

Синоптиктердің болжамынша, желтоқсанның 22-нен 23-не қараған түні қалада 2,9 мм, ал 1 желтоқсаннан бері 11,4 мм қар жауған

198 0

Қазіргі кезде қар жинау жұмыстарына қала бойынша 2433 адам тартылып отыр. Олар екі ауысыммен жұмыс істеп, жолдар мен тротуарларды қардан тазалауда. Қалың қар жауғанда және одан кейін объектілерді қардан тез тазалау үшін қосымша ведомствоға қарасты ұйымдардың жұмысшылары жұмылдырылады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін 1124 бірлік коммуналдық техника қар жинау жұмыстарына кірісті, соның ішінде 432 самосвал, 127 тротуар жинайтын машина, 189 жүк тиегіш және т.б. бар.

23 желтоқсандағы жағдай бойынша, жыл басынан бері қалалық қар полигонына 561 171 текше м. қар шығарылды, 12 631 текше метр құм-тұз қоспасы төселді.

Синоптиктердің болжамынша, желтоқсанның 22-нен 23-не қараған түні қалада 2,9 мм, ал 1 желтоқсаннан бері 11,4 мм қар жауған, айлық норма 22 мм құрайды.

Бүгін елордада күн бұлтты, көктайғақ, жауын-шашынды болады, боран, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +2, 0°С, түнде -4–6°С болады.

Ертең, 24 желтоқсанда Астанада жауын-шашынды болады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с  жылдамдықпен жел сооғады, кей жерлерде екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 0+2°С, түнде 0–2°С болады.

Жұма, 25 желтоқсанда Астанада күн бұлтты болады, қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с  жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 0-2°С, түнде -2-4°С болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!