Қазақстан Президенті 2015 жылы шетелге 13 сапар жасады

Фотография - Қазақстан Президенті 2015 жылы шетелге 13 сапар жасады

Біздің елімізге ҚХР Төрағасы, Түркия Президенті, Үндістан Премьер-Министрі, Ауғанстан, Жапония, Украина, Ресей басшылары келді

67 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы шетелге 13 сапар жасады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.

 "Әрине, маңызды аспект Мемлекет басшымыздың дипломатиялық халықаралық қызметі екендігі анық. Өздеріңіз де білетіндей, біздің елімізге ҚХР Төрағасы, Түркия Президенті, Үндістан Премьер-Министрі, Ауғанстан, Жапония, Украина, Ресей басшылары сынды ірі көшбасшылар келді. Таяуда ғана біздің елімізде АҚШ мемлекеттік хатшысы мен Еуропалық одақтың Сыртқы істер министрі болды", - деді ол.

Сонымен қатар министр ҚР Президентінің Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция сынды елдерге сапармен барғанын, бұл аталған елдермен біздердің саяси өзара түсіністігіміз мен сеніміміздің жоғары деңгейде екендігін қуаттайтындығын атап өтті.

"Сапарлар барысында әр уақытта да экономикалық байланыстарға, бизнес-форумға қатысты түрлі шаралар өткізіліп, онда нақты меморандумдар мен келісімшарттар жасалды. Біздің болжамды есептеулерімізше, Мемлекет басшысы сапарының және біздің елімізге жасалған сапарлардың аясында осы жылы жүзеге асырылған келісімшарттар мен уағдаластықтардың көлемі 60 млрд. шартты бірліктен асып жығылады. Шамамен 300 келісімшартқа қол қойылды. Теңгемен айтқанда бұл сома 170 трлн. теңгені құрайды. Жалпы, 2015 жылы Мемлекет басшысы 13 сапар жасап, 32 мемлекет, үкімет басшыларын және басқа да жоғары шенді шетелдік қайраткерлерді қабылдады. Елімізге 70 сапар жасалды", - деді Е.Ыдырысов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!