А. Мұсаханов Сенаттың аграрлық комитетіне ауысты

Фотография - А. Мұсаханов Сенаттың аграрлық комитетіне ауысты

Сенатор аталған комитетке ауысу туралы өзі өтініш жасаған

185 0

 Сенатор Аңсар Мұсаханов Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне ауысты. Бүгін палатаның жалпы отырысында депутаттар осындай шешім қабылдады.

Сенатор аталған комитетке ауысу туралы өзі өтініш жасаған. Депутаттың бір тұрақты комитеттен екіншісіне ауысуы туралы шешімді палата депутаттары қабылдайды. Осыған байланысты сенаторлар аталған мәселені дауысқа салып, бірауыздан қолдау тапты.

Еске сала кетейік, А. Мұсаханов Сенат депутаттығына 2014 жылы Алматы облысынан сайланған болатын. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!