Ассамблея - ұлттар татулығының алтын ұясы

Фотография - Ассамблея - ұлттар татулығының алтын ұясы

Гүлшара Наушақызы ҚХА-ның 20 жылдығын қорытындылай келе, оның еліміздегі ұлтаралық татулықтың ағымдағы жылда нығая түскендігіне тоқталды

189 0

Бүгін еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттеріне арнайы барып лекция оқыды, деп жазды Baq.kz.

"Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тарихи үлесі және ҚХА рөлі" атты тақыры аясында ұйымдастырылған шара аясында ағымдағы атаулы жыл - "Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы қорытындыланды.
Алдымен отырысты ашқан ҚХА төрағасының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов жыл бойы жүзеге асырылған шаруалар турасында аз-кем тоқталып өтті.
- Мемлекет басшысының арнайы Жарлығымен биыл елімізде ҚХА-15 жылдығы ретінде ерекше қарқынмен атап өткізілді. Осы мақсатта біз республиканың түкпір-түкпірін аралап, 30 мыңнан астам қоғамдық мерекелік шара ұйымдастырылып, оларға 9 миллионнан астам азаматтар қатыстырылды, - деді Ералы Лұқпанұлы. 
Ал өз кезегінде сөз алған Гүлшара Наушақызы ҚХА-ның 20 жылдығын қорытындылай келе, оның еліміздегі ұлтаралық татулықтың ағымдағы жылда нығая түскендігіне тоқталды.
- Биылғы жылда Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің, қоғамның ықпалдасуының конституциялық қағидаттары орнықты. Оған осы кезге дейін Елбасының қолдауымен жүзеге асырылған шаруалар дәлел бола алады. Осылайша, Қазақстан халқы ассамблеясы - ұлттар татулығының алтын ұясы бола алғандығын көріп отырмыз, - деді Гүлшара Наушақызы. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!