Сенторлар Мәсімовке шенеуніктердің заң даярлау жұмысына шағымданды

Фотография - Сенторлар Мәсімовке шенеуніктердің заң даярлау жұмысына шағымданды

Дулат Құсдәулетовтың айтуынша, мемлекеттік органдар өз айтқандарынан айнып шығады

193 0

ҚР Сенат парламентінің депутаты Дулат Құсдәулетов палата отырысында кейбір заң жобасын жасаушы мемлегеттік органдардың ісіне көңілі толмайтынын жеткізді, деп жазады Today.kz. Соның ішінде, сентор ҚР ІІМ шенеуніктерінің жұмысына разы емес.

"Мемлекеттік жасаушы органдардың қатып қалған практикасына баса назар аударғым келеді, бұл кері үрдіске айналып, жүйелі сипатқа ие болған. Заң жобаларын сенатта өткізілген кезде мемлекеттік органдар заң жобасы ескерусіз қалуына көп күш жұмсайды. Ол үшін олар Елбасының тапсырмасын сылтау етеді, оның жеделдігін алға тартып, сапасына зиян келтіреді. Біз мұны құп көріп, тіпті бір отырыста екінші оқылымда қарастырамыз. Ал заң жобасын жетілдіретін депутатардың ескертулері мен ұсыныстары жүзеге асырылмайды", - деді Дулат Құсдәулетов.

Оның айтуынша, әрбір жұмыс тобы  мен комитеттердің отырысына әр кезде жаңа адамдар келеді. Олар мұның алдында не талқыланғанынан хабарсыз. Сосын қайшылықтар туады, өздері жасаған заң жобасы нормалары бойынша депутаттарға сұрақ қояды.

"Нәтижесінде депутаттар қабылданған түзетулерді қайта талқылайды және отырысқа қатынасқан жаңа тұлғалар бойынша ликбез өткізуі керек", - дейді депутат.

Сонымен бірге, ол ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың "Спорттық және спорттық-жалпылық, мәдени-жалпылық шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамассыз ету туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтылулар енгізу" заң жобасының екінші оқылымда дайындалуына назарын бұрды, нақты алғанда бас комитеттің жұмыс тобының отырысна.

Оның айтуынша, позицияның ауысқаны туралы депутаттарды ешкім ескертпеген. Мұндай іс ІІМ-нің депуттарға деген қатынасын сипаттайды деп есептейді депутат.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!