Президент шыршасына қатысқан әр балаға Елбасы атынан мерекелік сыйлық табысталды

Фотография - Президент шыршасына қатысқан әр балаға Елбасы атынан мерекелік сыйлық табысталды

Шара барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеқұттықтауы көрсетілді

596 0

Бүгін Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ұйымдастырылатын жаңа жылдық шырша өтті. Мерекенің тақырыбы - "Жібек жолындағы Жаңа жылдық ертегі".

 Шара барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнеқұттықтауы көрсетілді. Елбасы балалардың оқу мен спортта қол жеткізген жетістіктерін атап өтіп, оларға жаңа шыңдарды бағындыруды тіледі.

Балаларды фильмдер мен мультфильмдердің кейіпкерлері қарсы алды. Жаңа жылдық концерттік бағдарламада ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған қойылым көрсетіліп, викториналар мен байқаулар өткізілді. Қатысушылар Шығыс түрінде арнайы жаңа алдарқат тамашалады. Қойылым үшін Түркістан, Отырар, Тараз және т.б. көне қалалар стилінде декорациялар жасалды, деп хабарлады astana.kz.

- Оқушылар сарайында өткен ҚР Президентінің дәстүрлі шыршасына 210 бала: 130 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, 30 дарынды бала және аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар қатысты, дейді.Астана қаласы Білім басқармасының басшысы  Эльмира Суханбердиева.

Балалар Оқушылар сарайында планетарий мен интерактивтік паркті аралады. Әр қатысушыға Елбасының атынан мерекелік сыйлықтар жиынтығы берілді.   



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!