Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын соғады деп болжануда

Фотография - Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын соғады деп болжануда

Ақмола облысында түнде жел 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады

71 0

Бүгін еліміздің басым аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар) жауып, тұман, көктайғақ, бұрқасын мен республиканың жекелеген аймақтарында қатты жел соғуы мүмкін деп болжануда. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Ақмола облысында түнде жел 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 17-22, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын, тұман көктайғақ болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл маңында жел 20-25, екпіні 28 м/с, кей жерлерінде тұман болады.

Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасынмен қатар жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ болады. Қарағанды облысында бұрқасын, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді, бұрқасын, көктайғақ болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!