Атажұртқа көшіп келген қазақтардың үлесі Қазақстан халқының 6 пайызына жуықтады

Фотография - Атажұртқа көшіп келген қазақтардың үлесі Қазақстан халқының 6 пайызына жуықтады

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 955 мыңнан аса ағайын көшіп келді

151 0

1 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанға 1164 отбасы, яғни 3,5 мыңға жуық этникалық қазақ қоныс аударып, оралман мәртебесін алды. Бұл Алматыдағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы үйінде өткен "Көші-қонның бүгінгі жағдайы" атты дөңгелек үстел жиынында айтылды,-деп хабарлайды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ресми сайты. 

"Этникалық көші-қон Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдайдың процесіне елеулі әсер етеді. Ол экономикалық жағдайдың қалыптасуында маңызды рөл атқарып келді. Қазіргі кезде тарихи отанына оралған қазақтардың саны Қазақстан Республикасы халқының құрылымында 6 пайызға жақындап қалды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 955 мыңнан аса ағайын көшіп келді. Оның 64 пайызы Өзбекстаннан; 12 пайызы Моңғолиядан, 11 пайызы Қытайдан; 7,3 пайызы Түрікменстаннан", – деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, əлеуметтік қорғау жəне көші-қон комитетінің басқарма төрағасы Марат Тоқсанбаев.


Оның айтуынша, кейбіреулер айтып жүргендей көш тоқтаған жоқ. Биылдың өзінде 1 қазандағы мәлімет бойынша, 3 мыңға жуық отбасы оралман мәртебесіне ие болған. Олардың саны алдағы уақытта өспесе, кемімейді. Жалпы соңғы жылдары көші-қонның саябырсуына оралмандарды әлуеметтік қолдау мүмкіндіктерінің шектелуіне байланысты олардың тарихи отанына оралуға деген ынтасының төмендеуінен орын алды. Мәселен 2013 жылы 34 мың қазақ келді, 2014 жылы 8,5 мың қазақ келді, ал 2015 жылы 3,5 мыңдай ғана ғана қазақ келді.  


Тегтер:

оралмандар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!