Бас мүфти: Жастар жат ағыммен жұмыла күресуі керек

Фотография - Бас мүфти: Жастар жат ағыммен жұмыла күресуі керек

Жастар жұмыла күрескенде ғана жат ағымға тосқауыл қоюға болады.

347 0

Жастар жұмыла күрескенде ғана жат ағымға тосқауыл қоюға болады. Бұл туралы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы кеше Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында "Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі» атты тақырыппен өткен жиын кезінде айтты. Басқосуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан Малғажыұлы, "Мәдениет" бастауыш партия ұйымының мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сонымен қатар Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы қатысты",-деп хабарлайды Мүфтияттың баспасөз қызметі.  

Кездесуде Бас мүфти жастар арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресте бір ғана жол, яғни, жастар аудиториясымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

"Осы жылы ҚМДБ жанындағы білікті имамдармен жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде 820 адамды теріс сипаттағы райларынан қайтарып, дәстүрлі дінімізге оралды. Сонымен бірге, ҚМДБ-ға қарасты медреселерде шәкірттердің міндетті түрде зайырлы және діни білім алатындығын, сондай-ақ медреселерді заман талабына сай, колледж деңгейіне көтеру мәселелеріжоспарланып жатқандығын сүйіншілегім келеді",- деді Е.Маямеров.

Сонымен қатар, бас мүфти жастардың бойына ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүрлі рухани құндылықтарды сіңдіру,соның ішінде діни наным-сенімдер бойынша Әбу Ханифа мәзһабы мен Матуриди сенімін ұстану қажеттігін ескертті. Бұдан бөлек, дін саласында мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы сарабдал саясатын, бірлік, татулық, толеранттылық, дінаралық келісім моделін, өзге дін өкілдеріне құрмет, сыйластық нышандарын жастарымызға үлгі етті.

БШара барысында жастар тарапынан ҚМДБ төрағасына дәстүрлі емес діни ағымдармен күресу, орта білім беру ұйымдары – мектептерде дінтану пәнін жүргізудің негізгі ерекшеліктері мен артықшылықтары, интернет желілерінде кері сипаттағы діни мағлұматтарға тыйым салу, деструктивті діни ағымда жүрген жастарды дәстүрлі дінге қайтару туралы сұрақтар қойылып, діни экстремизмді таратуға қарсы іс-қимылда өскелең ұрпақтың азаматтық бағытын жандандыру жөнінде нақты ұсыныстар айтылды.Бас мүфти қойылған сұрақтарға толықжауап беріп,діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресуде бірлесе күш жұмылдырып, қарсы күресуге шақырды.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!